Жаңалық

Алматы қаласы мәслихаты депутаттарымен есеп беру кездесуі

Алматы қаласы мәслихатының депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Шалбаева Айгүл Дүйсенбекқызы және Бостандық аудандық «AMANAT» партиясының төрағасы Сәбен Тынышқали Төреғалиұлы халық алдындағы есеп беру кездесуінде бірқатар өзекті мәселелерді кеңінен талқылады.

Кездесу барысында 2023–2025 жылдарға арналған Жол картасының негізгі бағыттары, оны іске асырудың басты қорытындылары, «Дамыған экономика» бағыты, сапалы инфрақұрылым, мәдениет, спорт және жастар саясаты, сондай-ақ қауіпсіз қалалық орта тақырыптары қамтылды.

Алматы қалалық Паллиативтік көмек орталығының ұжымы кездесуге белсене қатысып, маңызды сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Кездесу мазмұнды әрі нәтижелі өтті.

Орталыққа қоңырау шалу